"Отбасың үшін жағымсыздау әңгіме": Қыдырәлі Болман "Алғашқы" бағдарламасын сынады

3292

Өнер иесінің айтуынша, жеке өмірінен қазбалап сұрақ қойған бағдарлама жүргізушісі шамына тигенін жасырмады.  

"Отбасың үшін жағымсыздау әңгіме": Қыдырәлі Болман "Алғашқы" бағдарламасын сынады Фото: видео скриншот

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болман өзі қонақ болып қатысқан “Алғашқы”бағдарламасын сынап, ренішін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнер иесінің айтуынша, жеке өмірінен қазбалап сұрақ қойған бағдарлама жүргізушісі шамына тигенін жасырмады. 

“Өкінішке қарай, қазақ тілінде мен барған Аман Тасығанның бағдарламасы өткенді қазбалайды екен. 40 жыл бұрынғы болса да, әйтеуір бір кінә табуды, мойныңа тағуды түсірілімнің негізгі “фишкасы” деп есептейтін сияқты. Қателеспейтін пенде жоқ. “Мені тек мақтаңдар” демеймін. Бірақ 40 жылғы қидан қылмыс қазып алатындарың дұрыс емес. Кәмелетке толмаған балаларым менің студент немесе жас болғанымды пайымдай алар ма екен?! Отбасың үшін жағымсыздау әңгіме екені рас. Егер біреуге қиянат көрсетсем, 40 жылда эфирге шығар еді ғой. Қателесуге бейім, жас, студент кезіміз болатын. Өмір қате басқан қадаммен де қызық болар?! Қатеңді түзеп, келесі жолы “5” алсаң,  айыбың өшірілмейтін бе еді”, – деп жазды продюсер. 

Айта кетейік, осы бағдарламада әнші азаматтық неке құрғанын айтқан еді. Алайда бірінші некеден туған баласы бар деген сөзді жоққа шығарған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу