Отбасында ойран салатындар қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін

482

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін заңнамаға тиісті түзетулер енгізілмек.

Отбасында ойран салатындар қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін Фото: turaninform.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Қоғамдық жұмыстарға тоқталатын болсақ, мұнда заңдағы баптарға бұл норманы енгізу қажет. Конституцияда адамды мәжбүрлі түрде еңбекке тек сот үкімі бойынша тартуға болатыны туралы бап болған, яғни бұл қылмыс бойынша", - деді вице-министр Мәжілістің комитет отырысында. 

Ведомство өкілі тиісті өзгерістер әзірленгенін жеткізді.

"Өзгертулер енгізіп, әкімшілікке тиісті ұсынысты жазып, олардың тарапынан қолдау таптық. Қазіргі таңда Әділет министрлігі осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Барлық өзгерту қамтылған жаңа кодекс Мәжілістің қарауына берілді. Жыл соңына қарай осыны қарастырып, сол уақытта қоғамдық жұмыстар болады", - деді Игорь Лепеха.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу