Отбасыны қолдау орталықтарының саны 2027 жылға қарай 200-ге жетеді

209

Қазір 68-ге жуық отбасын қолдау орталықтары қызмет атқарады. 

Отбасыны қолдау орталықтарының саны 2027 жылға қарай 200-ге жетеді Фото: pixabay.com

2025-2027 жылдары аралығында осы қолдау орталықтары санын 200-ге жеткізу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамалық деңгейде отбасылық саясаты саласындағы уәкілетті органға айналды, сондай-ақ министрлік отбасын қолдау орталықтары қызметін жүзеге асыру тәртібін үйлестіру және олардың жұмысын жүзеге асыру тәртібін айқындайтын болады. 

"Бүгінгі таңда қиын жағдайда қалған отбасыларға мәселелерін шешуге кешенді көмек көрсету үшін өңірлерде 68-ге жуық отбасын қолдау орталықтары қызмет атқарады, 2023 жылы 100 мыңнан аса консультациялар жүзеге асырылған болатын. 2025-2027 жылдары аралығында осы қолдау орталықтары санын 200-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Орталықтар халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті уәкілетті атқарушы органдардың жанында, аудандық және қалалық аймақтарда ашылатын болады", — деді ҚР МАМ жастар және отбасы комитеті төрағасының орынбасары Найла Мұхтарова. 

Орталықтар барлығына ерікті түрде әрі жан-жақты қолдау көрсетеді. Жәбірленуші орталық көмегіне 111 сенім телефона не әлеуметтік желілер арқылы, уақытша пана іздеп келген сәттен бастап жүгіне алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу