“Отбасының цифрлық картасын” жыл соңына дейін іске қосу қажет – Президент

583

Аталмыш құрал атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне көшуге мүмкіндік бермек.

“Отбасының цифрлық картасын” жыл соңына дейін іске қосу қажет – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке “Отбасының цифрлық картасын” жыл соңына дейін іске қосуды тапсырды. Бұл туралы Президент “Digital Bridge 2022” форумының пленарлық отырысында айтты, деп жазады Inbusiness.kz.

Президент цифрлық құжаттарды енгізу процесін әрі қарай жетілдіру керек екендігін атап өтті. Бұдан бөлек әлеуметтік басым бағытқа жататын 25 қызмет проактивті форматқа көшірілгенін де айтты. Оның ішінде жәрдемақы тағайындау, мүгедектікті белгілеу, зейнетақы төлемін жасау, балабақша кезегіне тұру және т.б. қызметтер бар.

“Отбасының цифрлық картасы" енгізіліп жатыр. Бұл құрал нақты уақыт режимінде 80-нен астам өлшемді талдай алады. Бұл қиын жағдайға тап болған отбасыларға жедел әрі артық қағазбастылықсыз көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, аталмыш құрал шын мәніндегі атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне көшуге мүмкіндік береді”, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бұл цифрлық сервисті жыл соңына дейін іске іске қосуды тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу