Отбасының цифрлық картасында 6,2 млн отбасының мәліметі жинақталған

336

Жүйе 30-ға жуық мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен біріктірілген. 

Отбасының цифрлық картасында 6,2 млн отбасының мәліметі жинақталған Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың мемлекеттік қолдауға деген ықтимал қажеттілігін алдын ала анықтап, бірқатар мемлекеттік қызметті проактивті түрде көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи құрал Отбасының цифрлық картасын дамытып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде Отбасының цифрлық картасында 6,2 миллионнан астам отбасының шамамен 20 миллион мүшесі туралы мәлімет жинақталған. Жүйе SmartData Ukimet ақпараттық-талдау платформасында жұмыс істейді және 30-ға жуық мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Бұл мемлекеттік органдарда бар деректерді пайдаланып, әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты қажеттілігіне қарай ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

"Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде Отбасының цифрлық картасы отбасы құрамы туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастырып, оның әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтайды. Бұл ретте отбасының табысы, еңбек қызметі, әлеуметтік төлемдері, тұрғын үй жағдайы, мүлкі, денсаулығы мен білімі туралы мәліметтер ескеріледі", – деп хабарлады министрлік.

Мемлекеттік қолдауға ықтимал қажеттілікті анықтау үшін Министрлік БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп әзірлеген халықтың әл-ауқат деңгейін бағалау әдістемесін қолданады. Осы әдістемеге сәйкес отбасылар әл-ауқатының жоғары деңгейінен экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгейге дейінгі бес санаттың біріне жатқызылады. Мұндай бағалау отбасының нақты өмірлік жағдайын ескеруге және халықпен жүргізілетін жұмысты нақты бағыттауға жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу