“Отбасының қасында болады”: Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінен кетеді

494

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.  

“Отбасының қасында болады”: Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінен кетеді Фото: cnn.com

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт тамыз айының соңында қызметінен кететін болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Трамптың сөзінше, Левитт отбасына және кішкентай балаларына көбірек уақыт бөлу үшін осындай шешім қабылдаған.

"Мен оның шешімін толық түсінемін және құрметтеймін. Енді Кэролайн негізгі сыртқы кеңесшілерімнің бірі әрі Республикалық партиядағы ықпалды тұлғалардың бірі болады", – деп жазды Дональд Трамп әлеуметтік желіде.

Кэролайн Левитт Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне 2025 жылдың қаңтарында кірісті. Ал, 2026 жылдың 1 мамырында қыз босанды. Нәрестеге Вивиана деген есім қойылды.

Левитт Ақ үйдегі қызметін өміріндегі ерекше кезең деп бағалады. Ол X әлеуметтік желісінде бұл жұмыстың өзі үшін үлкен мәртебе әрі ұмытылмас тәжірибе болғанын жазды.

"Ана болу, жаңа туған сәбиді тәрбиелеу және әлемдегі ең жауапты қызметтердің бірінде жұмыс істеу – өмірімдегі ең қарбалас әрі күрделі, бірақ ең бақытты кезең болды", – деді Кэролайн Левитт.

Айта кетейік, Кэролайн Левиттің жасы 28-де. Ол АҚШ әкімшілігінің тарихындағы ең жас баспасөз хатшысы атанды. Оның орнына кім келетіні әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу