Өте жұқпалы вирус әлемге қауіп-қатер тудырып тұр

Candida auris саңырауқұлағының жаңа штаммы осы күні жер-жаһанның 60-тан аса елінде тіркеліп үлгерді.  

Өте жұқпалы вирус әлемге қауіп-қатер тудырып тұр Фото: microbe-investigations.com

Оны емдеу оңай емес әрі вирус өте жылдам таралады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Doctorpiter басылымына сілтеме жасап.

Candida auris – ашытқы тектес саңырауқұлақ штаммы. Ол терідегі жеңіл инфекциялардан бастап, өмірге қауіпті ауруларға, қанның жұқпалы зақымдануына дейін әкелуі мүмкін.

Аталған саңырауқұлақ вирусы тұңғыш рет 2009 жылы Жапониядан табылған еді. Кейіннен Үндістанға да таралып, онда аса қауіпті инфекция ретінде бағаланды. Қазіргі уақытта Candida auris 6 құрлыққа қауіп-қатерін төндіруде.

Ғалымдар жаһандық жылыну мен жоғары ылғал Candida auris-тің көбеюіне қолайлы жағдай жасап отырғанын алға тартады. Мұнан өзге саңырауқұлақтың теріге жабысып қалуына көмектесетін арнайы ақуыздары және дәрілік заттарды ағзадан шығарып жіберетін "сорғы" секілді тетіктері тағы бар.

– Саңырауқұлақтар вирустар мен паразиттермен салыстырғанда жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Десе де, бұл деректер болашақта саңырауқұлақ тектес патогендер әлемнің көптеген аймағына әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді, – дейді профессор Норман ван Рейн.

Осыған байланысты ғалымдар қазіргі уақытта жаңа әрі тиімді зеңге қарсы дәрілерді әзірлеу аса маңызды екенін қатаң ескертіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу