Өтелмеген қарыздар жаңа жолмен өндіріледі

1082

Өтелмеген қарыздар жаңа жолмен өндіріледі

Келер  жылдан бастап мерзімі өткен займдарды борышкерлерден қайтарып алу жаңа тәсілмен жүзеге асырылатын болады. Бұл өзгерістер жеке тұлғалардың, яғни борышкерлердің құқықтарына көбірек басымдық берген. Nexum заңгерлік компаниясының бас директоры Даулет Абжанов толығырақ түсіндірген еді, деп хабарлайды 7kun.kz.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамаға енгізілген банктердің төлем талаптары бойынша мерзімі өткен қарыздарды ағымдық есепшоттардан өндіру тәртібін реттейтін өзгерістері күшіне енеді. Өзгерістер "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" Заңға (6-тармақ, 32-бап), "Банк және ҚР банк қызметі" (т/т 1) 2-тармақ, 36-бап), ҚР аумағында қолма-қол емес төлемдер мен ақша аударымдар жасау ережелері (137-139 тармақтары) туралы заңдарда.

Банк практикасында мерзімі өткен қарыздарды өндіру үшін төлем талаптары жиі қолданылады. Банк борышкердің ағымдық шотына төлем талабы түрінде рәсімделген арнайы құжатын көрсетеді. Қарызды өндірудің мұндай түріне соттың шешімі қажет емес. Ақшаны шешіп алу борышкердің келісімімен жүзеге асырылған болып есептеледі. Себебі бұл тармақ банктен займ алардағы келісімшартта көрсетіледі.

Егер шотта ақша болса, банк оны ешқандай шектеусіз жалпы қарызды шешіп алуына болатын еді.  Енді төлем талабын орындағанда жеке тұлғалардың шотындағы қаражаттың тек 50%-ын ғана алуы мүмкін.

Егер төлем талабында көрсетілген сома шоттағы соманың жартысына жетпейтін болса, қарыз түгелдей өндіріледі. Мысалы, егер шотта барлығы 3 млн теңге болса, ал қарыз көлемі 1 млн теңге болса, онда банк 1 млн теңге шешуге құқы бар.

Егер төлем талабындағы қарыз мөлшері шоттағы қаражаттан көп болса, онда қарыз бөліп-бөліп өтеледі.

Байқағандарыңыздай жаңа өзгерістер жеке тұлғалардың, яғни,  борышкерлердің құқықтарына көбірек басымдық береді.

Назар аударарлық нәрсе – жаңа ереженің жеке тұлғалардың жинақ шоттары арқылы өндірілетін қарыздарға қатысы жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу