"Өтінішім бар": Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы үндеу жасады

1514

Жәнібек өзінің ауысып кеткенін қабылдау қиынға соғып жатқанын жасырмады.

"Өтінішім бар": Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы үндеу жасады Фото: instagram.com/muratsaveliev/

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Жәнібек (Эдди Жан) қазақ әйелдеріне өтініш жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Сәлем, достар!

Мен туған жеріме Қазақстанға барғаннан кейін жергілікті медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Бірақ, мен шынымен ауысып кеткен сияқтымын. Маған бұл ойды қабылдаудың өзі қиын. Өйткені мені емес, басқа баланы асырап алуы керек еді. Мен жақында биологиялық анамды табамын деп үміттенемін. Арқалық полиция басқармасы перзентхана мен балалар үйінде қылмыстық іс бойынша жұмыс істеп жатыр. Менімен жасты ұлы бар әйелдің бәрі ДНҚ тапсырса деген өтінішім бар. Маған қолдау көрсеткендіріңіз үшін рақмет, жаңалық болса, айтып отырамын", - дейді ол видеода.

Сонымен қатар ол видеода көрсетілген суреттің қашан, қайда түсірілгені туралы айтты.

"Құрметті әкелер, аналар, ұлдар мен қыздар!

Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін.
Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді.

Видеодағы суретім 2003-2004 жылдары түсірілген болса керек, бұл Арқалықтан алған алғашқы фото. Бұл фото мені асырап алуға қатысты ресми құжаттарда пайдаланылған.

Сіздерге де сәттілік тілеймін, кездескенше", - деп жазған ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу