Өткелі жоқ өзенді жағалаған мал қырылып жатыр

551

Қарағанды облысы Сұрыптау станциясы тұрғындарының малдары өзеннен өте алмай қырылып жатыр.

Өткелі жоқ өзенді жағалаған мал қырылып жатыр

Қарағанды облысында өткелі жоқ өзенді жағалаған мал суға батып қырылып жатыр. Осылай деп дабыл қаққан Сұраптау станциясының тұрғындары билікке сан мәрте шағым да түсіріпті. Алайда, мәселе бір жылдан бері шешілмеген. 

668 түтіні бар "Жұмысшылар" кенті тұрғындарының айтуынша, 2022 жылы Салонка өзеніне тереңдету жұмыстары жүргізілген. Бұл елді мекенді көктемдегі су тасқынынан қорғау үшін жасалған екен. Алайда, мердігер компания ескі өткелді бұзып тастаған. Салдарынан ірі қараның жайылымға барар жолы жабылған.

Қарағанды облысы Сұрыптау станциясы тұрғындарының малдары өзеннен өте алмай қырылып жатыр. Ал, өткел салып берем деген билік бір жылдан бері уәделерін орындамай келеді.

"Атпен өтуге кемейді. Бұрын машинамен өтіп бара салатынбыз. Шөбімізді де ар жақтан өткізіп алатын едік. Қазір міне қазып тастағаннан кейін ешқандай қозғалыс болмай қалды", - деді сұрыптау станциясының тұрғыны Ерқажы Қуанбай.

Өткел салып беруді сұрап жүрген халықтың сөзінше, өзеннің арғы бетіндегі жайылымға дейін айналма жолмен 18 шақырым. Мұны жергілікті билік жақсы біледі. Алайда қарашаның шағымына құлақ асар емес. 

"Бізді тыңдап жатқан ешкім жоқ. Міне қазір көктем. Мал көтерем. Мал ары қарай шыға алмай жатыр. Өйткені астының барлығы құм! Кішігірім малдың барлығы қырылып өліп жатыр ана жерде",  - дейді сұрыптау станциясының тұрғыны Гүлзира Сағындық.

Тұрғындардың шағымын Әлихан Бөкейханов атындағы аудан билігіне жеткіздік. Ондағылар комиссия мүшелерімен бірігіп, бір шешімнің боларын айтады. 

"Біз мамырдың басында шығып қарайық комиссиямен. Өйткені жай істей салу деген жұмыс емес. Өйткені жаңағы адамдар да жүреді. Оның үстіне малдар да. Осы мамырдың басында шығып, комиссиямен қарастырамыз. Енді бір жөнге келтіреміз деп ойлаймын", - деп пікір білдірді Ә.Бөкейханов атындағы аудан әкімінің орынбасары Қойшыбай Сүлейменов.

Бір жылдан аса осы бір мәселеге ден қоймаған жергілікті биліктің кезекті берген уәдесіне тұрғындардың сенгісі жоқ. Сондықтан, жұрт облыс әкімі мәселеге аралассын деген талаптары бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу