Өткен 6 айда Қазақстанға 3,6 миллион турист келді

1132

Өткен 6 айда Қазақстанға 3,6 миллион турист келді

Қазақстанға қаңтар-шілде аралығында 3,6 млн турист келді, деп хабарлайды Finprom.kz-ке сілтемемен 7kun.kz.

Деректер бойынша, 2017 жылы туристердің саны өткен жылдардан 606 мың адамға көбейген (20,5 пайызға). Мұндай көрсеткіш 2013 жылы тіркелген. Бірақ 2015-2016 жылы туристер саны азайған болатын.

Айта кететін жайт, Қазақстанға  жеке мақсаттармен  келген турист саны (+ 35,9 пайыз), сондай-ақ жұмыс сапарымен (+ 27,5 пайыз) өскен.

Есеп бойынша, туристер арасында Қазақстандағы 17 курорттық жердің 12-сі танымалдылыққа ие болған. Қарқаралы курорттық аймағына келген туристер өткен алты айда 7,7 мың туристке көбейіп, жалпы 16,6 мыңға жеткен. Сонымен қатар, Зеренді демалыс аймағы және Алматы маңындағы демалыс орындарына қызығушылық танытқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу