Өткен айда 159,5 мың көлік есепке қойылды

86

Оның ішінде 144,7 мыңы – жеңіл автомобиль, 9,8 мың – жүк көлігі, 1,5 мың – автобус және 3,6 мыңы – мото көлік.  

Өткен айда 159,5 мың көлік есепке қойылды Фото: koleso.kz

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6786,9 мың бірлікті құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елдегі автопарктің басым бөлігін ескі көліктер құрайды. Соңғы деректерге сәйкес, жеңіл автомобильдердің 41,5%-ы 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып жүр.

Тағы 24,2%-ының шыққанына 10-нан 20 жылға дейін болған. 7-10 жыл аралығындағы автомобильдердің үлесі 10,3%-ды, ал 3-7 жыл аралығындағысы – 17,2%-ды құрайды. Шығарылғанына үш жылдан аз уақыт болған жаңа көліктердің үлесі – 6,8%.

Қолданыста 20 жылдан астам болған автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген – 356,5 мың бірлік. Алматы қаласында мұндай көліктердің саны 211 мың болса, Жамбыл облысында – 199,5 мыңды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу