2026 жылғы наурызда 170 мың автокөлік есепке алынған. Өткен айда сатылған (қайта тіркелген) көліктердің 63%-ы – шыққанына 10 жылдан асқан, ескі көліктер. Ал шыққанына 3 жыл да толмаған жап-жаңа көліктердің үлесі әлдеқайда аз – 24%, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 млн 955 мыңнан асады:
- жеңіл автомобиль – 83,9%;
- жүк көліктері – 8,2%;
- тіркемелер – 4,4%;
- автобустар – 1,5%;
- мотоциклдер – 1,2%.
Қазақстандағы көліктердің 80%-ы бензинмен жүреді, аралас отын есебінен қозғалатын көліктің үлесі – 6,6% ғана. Дизель отынымен 7,6% көлік жүрсе, газ баллон орнатқандардың үлесі – 0,4%, тағы 31 100 көлік электр қуаты есебінен қозғалады.
Өңірлер бойынша қарасақ, тіркелген автомобильдер саны жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр. Бұл қалада тіркелген көлік саны – 723,5 мың. Екінші орында 642,7 мың бірлік көлікпен Алматы облысы тұр. Үздік үштікті Астана қаласы – 452,1 мың көлікпен түйіндейді.