Өткен айда әлемнің 43 елінде КОВИД-19-бен сырқаттанушылық өсті

2023 жылғы желтоқсанда Қазақстанда тек Омикрон штамының айналымы расталды. 

Өткен айда әлемнің 43 елінде КОВИД-19-бен сырқаттанушылық өсті

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"КОВИД-19 пандемиясының аяқталуына қарамастан, Министрлік елдегі және әлемдегі КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастыруда.  

Осылайша өткен айда әлемнің 43 елінде сырқаттанушылық өсті, 36 елде сырқаттанушылық төмендегені байқалды. Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Соңғы 6 ай ішінде республикада ай сайын 100-ден 400-ге дейін жағдай тіркелді, бұл коронавирустың жыл бойына таралып отыратынын растайды", – деді министр.

Өткен жылы республикада COVID-19-ның 12 121 жағдайы тіркелді. 2023 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 35 есе төмендеді.

"2023 жылы халықтың осал топтарын COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау жалғасты, 350 мыңнан астам адам ревакцинацияланды. 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстанда тек Омикрон штамының айналымы расталды, оның ішінде Омикрон (Арктур) нұсқасы – 52%, Эрис – 2%, Омикронның басқа нұсқалары – 46% тиесілі. Стационарларда өткен жылы КОВИД-ы бар 4 мыңға жуық пациент емделді. Бүгінгі таңда 2 адам стационарлық емделуде", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу