Өткен айда БЖЗҚ-ның 42,2 миллиард теңгесі инвестицияланды

832

Өткен айда БЖЗҚ-ның 42,2 миллиард теңгесі инвестицияланды

2018 жылғы қазанда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 42,2 млрд теңгені құрады (ақша нарығының құралдарына жасалған инвестицияларды есепке алмағанда), деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Оның ішінде жылдық 9,3% кірістілігі бар 10,0 млрд теңге сомаға "Баспана" ИҰ" АҚ облигациялары сатып алынды; жылдық 9,5% кірістілігі бар 5,0 млрд теңге сомаға Еуразиялық даму банкінің облигациялары сатып алынды; экономиканы қолдау үшін ҚР екінші деңгейдегі банктерін 200 млрд теңге сомаға қаржыландыру жөнінде жарияланған бағдарлама шеңберінде жылдық 11,9% орташа сараланған кірістілігі бар жалпы сомасы 27,2 млрд теңгеге екінші деңгейдегі банктердің облигациялары сатып алынды.

Қаралып отырған кезеңде теңгемен бос ақшалай қаражат ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылды. Бұл ретте аталған инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

2018 жылғы қазанда белгіленген мерзімдерге сәйкес 30,24 млрд теңге сомаға ҚР қаржы министрлігінің МБҚ өтелді.

Қаралып отырған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің бастамасы бойынша банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге депозиттер бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеді.

Есепті кезеңде бағалы қағаздар сатылған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу