Өткен айда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 25 мың теңгеден асты

624

Өткен айда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 25 мың теңгеден асты

2018 жылғы қантарда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 25 879 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген, орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қантарда өткен аймен салыстырғанда 1,1% - ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 19,8%, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі - 15,9%, жемістер мен көкөністердің үлесі - 9,9%, сүт, нан және жарма өнімдерінің үлесі - 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштердің үлесі - 2%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу