Өткен айда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 мың теңге айналасында қалыптасты

747

2018 жылғы желтоқсандағы көрсеткіш 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға жоғарылаған. 

Өткен айда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 мың теңге айналасында қалыптасты

2018 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 440 теңгені құрады, деп хабарлайды ҰЭМ.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,3%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,3%, жемістер мен көкөністерді – 8,3%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,3%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу