Өткен айда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28,3 мыңды құрады

856

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,1%-ға жоғарылаған.

Өткен айда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28,3 мыңды құрады

Биылғы мамыр айында ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28324 теңгені құрады.

ҰЭМ статистика комитетінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,1%-ға жоғарылаған.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,2%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,5%, жемістер мен көкөністерді – 9,5%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 2,2%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу