Өткен айда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28,6 мың теңгені құрады

774

Өткен айда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28,6 мың теңгені құрады

2018 жылғы қазанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 теңгені құрады, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылады.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,7%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6%, жемістер мен көкөністерді – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу