Ал Қостанай және Ұлытау облыстарында инфляция көрсеткіші 0,8%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,8%-ға төмен.
Бұл ретте азық-түлік тауарлары бір айда Шымкентте 3%-ға, Атырау облысында 0,8%-ға қымбаттады.
2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазан айында азық-түлік емес тауарлардың қымбаттауы бойынша көшбасшы - Астана қаласы. Мұнда 2,6% тіркелді. Ал ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсімді Алматы облысы көрсетті. 2022 жылдың қазан айында Қазақстанда айлық инфляция 1,6%-ды құрады, ал жылдық есепте 18,8%-ға дейін өсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу