Өткен айда медсақтандыру қорына 9 миллиард теңгеден аса қаржы түсті

829

Өткен айда медсақтандыру қорына 9 миллиард теңгеден аса қаржы түсті

2018 жылдың ақпан айында медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 9 млрд теңгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 28 ақпаны аралығында түскен соманың жалпы көлемі 47 млрд теңгені құрап отыр.

Оның 39 млрд теңгесі немесе 83 пайызға жуығы жұмыс берушілердің өз қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8 млрд теңге (17 пайызға жуық) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, сақтандыру төлемдерін төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу