Өткен айда шекара талаптарын бұзған 3 мыңнан астам адам ұсталды

342

Олардың 2791-і шетел азаматы.

Өткен айда шекара талаптарын бұзған 3 мыңнан астам адам ұсталды Фото: gov.kz

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде ел заңнамаларын бұзған 3318 адамды ұстады, соның ішінде 2791 шетел азаматы бар.

"2,1 млрд теңгеден асатын сомада тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 267 фактісінің алды алынды. Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 119 фактісінің алды алынды, 88 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 187 дана (933 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алдын алынған шығын сомасы 413 млн теңгеден астамды құрады", – делінген хабарламада.

Шекара қызметі 47 қылмыстық іс қозғады, тергеу жүргізіліп жатыр. 35 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 021 әкімшілік іс өндірісте тұр.

Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу