Өткен айда шетел валютасындағы депозиттер көлемі көбірек өскен

546

Өткен айда шетел валютасындағы депозиттер көлемі көбірек өскен

Депозиттік ұйымдардағы резиденттерге тиесілі салымдардың көлемі бір айда 3,3%-ға ұлғайып (жылдық мәнде өсу 11,3% болды), 2022 жылғы шілденің соңында 28 051,7 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банк мәліметіне сүйеніп.

Заңды тұлғалардың депозиті бір айда 14 460,9 млрд теңгеге дейін 4,8%-ға ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиті 13 590,8 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға өсті. 

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 18 132,4 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі – 9 919,3 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға өсті. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы шілденің соңында 35,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы шілдеде 9 051,8 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер – 5 409,0 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 37,4%-ы) артты.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 9 080,6 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 4 510,2 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға (жеке тұлғалар депозиттерінің 33,2%-ы) артты.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 4,0%-ға ұлғайып, 18 956,0 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 12 592,3 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар 6 363,7 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы шілдеде 12,3% (2021 жылғы шілдеде – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,8% (8,5%) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу