Өткен айда Шымкент экономикасының негізгі салаларында өсім байқалды

499

Шымкент қаласының 2023 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қортындылары жарияланды.  

Өткен айда Шымкент экономикасының негізгі салаларында өсім байқалды Фото: vlast.kz

Мәліметтерге сүйенсек, осы кезеңде қалада 70,3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл экономиканың осы саласы бойынша Шымкент қаласында 9 жоба жүзеге асырылып, оған жалпы соммасы 9 миллиард теңге инвестиция құйылады деп жоспарланған. Бұл өз кезегінде 285 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Қаңтар айында Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,9 пайызға ұлғайып, 3,1 миллиард теңгеге жетті.

Қаладағы құрылыс жұмыстарының жиынтық көлемі 1.7 миллиард теңгені құраған. Соның ішінде 37,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар қаңтар айында негізгі капиталға 23,5 миллиард теңге тікелей инвестиция бағытталған. 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда нақты көлем индексі 118,6 пайызды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу