Қазақстанда тамыз айында жылдық инфляция 12,2 пайызды құрады. Шілде айында оның деңгейі 11,8 пайыз болған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жылдық инфляция 17 өңірде жеделдесе, 3 өңірде баяулай түсті.
"Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 11,7% өсті. Әсіресе, Ұлытау облысында (14,8%) ең жоғары өсім болды. Ал Алматы қаласында ең төмен – 8,7% өсім тіркелген", – деп жазылған хабарламада.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 9,7 пайызға артса, ең жоғары өсім Абай облысында (12,6%), ал ең төменгі мән Алматы қаласында (7,5%) тіркелді.
Тамыз айында ақылы қызметтердің бағасы да жылдық мәнде 15,3 пайызға артты.
Маңғыстау облысында ғана бұл өсім (9,8%) жалпы республикалық деңгейден біршама төмен болды.