Өткен айда жылыжайдың қияры мен қызанағы едәуір қымбаттады

862

Өткен айда жылыжайдың қияры мен қызанағы едәуір қымбаттады

Биыл наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 0,4%, мал шаруашылығы өнімі - 1,6%-ға қымбаттады, ал өсімдік шаруашылығы өнімі - 0,3%-ға арзандады. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлайды.

2018 жылғы қаңтар-наурызда баға қарақұмыққа - 2,7%, қара бидайға - 1,8%, бидайға - 0,4%, жүгеріге - 0,3%-ға төмендеді, ал сұлыға 1,6%, тарыға - 1%, күрішке - 0,4%-ға өсті.

Жылыжайда өсірілген қияр - 24,1%, қырыққабат - 5,1%, жылыжайда өсірілген қызанақ - 3,4%, картоп пен асханалық қызылша - 0,5%-дан қымбаттады, ал асханалық сәбіз - 0,8%, басты пияз - 0,4%-ға арзандады. Баға кептірілген бұршаққа - 4%, күнбағыс тұқымына 3,7%-ға төмендеді.

Баға құс етіне - 3,3%, ірі қара мал етіне - 2,2%, шошқа етіне - 1,9%, жылқы етіне - 0,9%, қой етіне - 0,6%-ға өсті. Шикі сүт 3,6%, қойдың жүні - 1,1%-ға қымбаттады, ал тауық жұмыртқа 4%-ға арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу