Өткен айдағы бағалау бойынша 8,5 миллион адам жұмыспен қамтылған

1124

Өткен айдағы бағалау бойынша 8,5 миллион адам жұмыспен қамтылған

Республика экономикасында 2018 жылғы қаңтардағы бағалау бойынша 8,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,4 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,8%) құрады.
2017 жылғы IV тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі - 87,6%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар 12,4% құрады.
2018 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша - 440,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2018 жылғы қаңтар айының соңына 92,6 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күші санының 1%-ын құрады.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі  2017 жылғы IV тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (24,9 мың адам) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу