Өткен аптада 1847 қылмыс жасалды

368

11 адам қаза тапты. 

Өткен аптада 1847 қылмыс жасалды Фото: inbusiness.kz

Бір апта ішінде 1847 қылмыс жасалды, оның 1753-і тәулік ішінде ашылды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Полиция қызметкерлері ізін суытпай 7 кісі өлтіруді, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша 4 істі, 38 тонау және 396 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты", — деп хабарланды ІІМ апталық брифингінде.

Сонымен қатар, ІІМ баспасөз қызметі өткен аптадағы жүргізілген іс-шараларға тоқталды. Павлодар облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Ертіс орманы" ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралар кешенін өткізді. Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық Прокуратураның үйлестіруімен "Ертіс орманы" резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді.

"Полиция қызметкерлері "Ертіс орманының республикалық мемлекеттік мекемесінде" Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінті іс-шараларын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәйектер тәркіленді. Қазір ҚК 188 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", — деп хабарланды брифинг барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу