Өткен аптада 8 бала суға батып кетті – ТЖМ

1066

Министрлік ата-аналарға сақ болуға кеңес береді.

Өткен аптада 8 бала суға батып кетті – ТЖМ

Өткен аптада 8 бала суға батып көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 5-11 шілде аралығында елімізде 47 адам, оның ішінде 8 бала суға батып мерт болған.

"Суға бату дерегі Алматы қаласы (8), Шығыс Қазақстан (8), Ақмола (5) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (5) жиі тіркелді. Ал балалардың суға бату жағдайы Нұр-Сұлтанда (1) және Алматы (3), Түркістан (2), Ақмола (1), Солтүстік Қазақстан облыстарында (1) болды", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу