Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,2%-ға қымбаттады

436

Жылдық мәнде 10,7%-ға өсті.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,2%-ға қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және елордадан жиналады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.  

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың 16 мамырдағы орташа бағасы:

Сүт 2,5% – 370 тг/л  

Тауық еті – 1223 тг/кг  

Сәбіз– 162 тг/кг  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу