Өткен аптада әлеуметтік тауарлар бағасы өзгеріссіз қалды

708

Ал жылдық мәнде 7,7%-ға өсті.

Өткен аптада әлеуметтік тауарлар бағасы өзгеріссіз қалды Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалды, ал жылдық мәнде 7,7%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 8 тамыз/:

Күнбағыс майы –781 тг/л

Сүт 2,5% – 374 тг/л

Сәбіз – 197 тг/кг

Қырыққабат – 159 тг/кг

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу