Өткен аптада Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны төмендеген

807

Алматыда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі.

Өткен аптада Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны төмендеген

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тәулігіне 1500- ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді. Тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері 105,6 мың жағдай тіркелді", – деді спикер. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, өткен аптада коронавирус жұқтырғандар саны сәл төмендеді.

"Тәуліктік өсім тамыздың алғашқы күндеріндегі 1,5% - дан бүгінгі күнге 1,22% - ға дейін төмендеді. Дегенмен соңғы аптада індет белгілері бар науқастар саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 93%-дан 94% - ға дейін артты, бұл COVID-19-ды жаңа штамдарының жоғары патогенділігін көрсетеді", – деді қаланың бас санитары.

Бұл ретте Жандарбек Бекшин қалада инфекция жұқтыру қаупті жоғары бес орынды атады. 

"Бірінші орында сауда нысандары – 35%. Өткен аптада бұл көрсеткіш 3%-ға өсті. Кейін отбасындағы байланыс – 18%, қоғамдық көлікте – 17,6%, өсім – 1,4%. Төртінші – азық-түліктік базарларда 13%. Бесінші - отбасылық іс шаралар, тойларда. Тамыздан бастап барлық өңірде тойлар көбейді. Онда вирус жұқтырғандар саны 2,1%-ға өсті", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу