Өткен аптада менингит белгісімен ауруханаға түскен жігіт көз жұмды

759

Өткен аптада менингит белгісімен ауруханаға түскен жігіт көз жұмды

Өткен аптада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында менингококты инфекцияны жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелген еді. 1991 жылы туған азамат дереу ауруханаға жатқызылып, емдеу шаралары басталып кеткен болатын. Алайда, дәрігерлердің еңбегі еш кетіп, науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір дәрігерлер инфекцияның тұрғындар арасында тарап кетпеуі үшін алдын - алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Марқұммен тығыз қарым - қатынаста болған 15 адамның сараптама нәтижелері теріс шықты. Ешқайсысынан менингит анықталған жоқ. Барлығы үйлеріне қайтарылды. Дегенмен, алдағы уақытта дәрігерлердің бақылауында болады. Арнайы құрылған штаб жұмысын жалғастырып жатыр. Аудандық аурухана қызметкерлері үй-үйлерді аралап, насихат шараларын атқаруда", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Санаулы күндерден кейін қызылордалық дәрігерлер екпе жұмыстарын бастамақ. Республикадан арнайы дәрі-дәрмектердің жеткізіледі деп күтілуде.

Айта кету керек, марқұмның қандай жағдайда инфекцияны жұқтырғаны белгісіз. Ол өзге облыстарға бармаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу