Өткен аптада жол апатынан 40 адам қаза тапқан

554

Ауа райының құбылуы себебінен жол-көлік оқиғалары жиілеген.

Өткен аптада жол апатынан 40 адам қаза тапқан

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында осылай деп мәлімдеді. 

 "Бір аптада жалпы саны 209 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оларда 40 адам қаза тауып, 235 адам жарақат алды. Күн суытқанда жолда аса мұқият болған жөн. Қауіпсіздік мақсатында Ішкі істер министрлігі алыс сапарларды ауа райы жағдайына қарай жоспарлауға шақырады. Тұман мен боран болжанған күндері қала сыртына шықпауға кеңес береміз", – деді Нұрділдә Ораз. 

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі өткен аптада жасалған қылмыстар статистикасына тоқталды. 

"Бір аптада жалпы саны 3424 қылмыс тіркелді. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2198 қылмыс ізі суымай ашылды. Оның ішінде 19 адам өлтіру, 38 тонау және 513 ұрлық фактілері анықталды", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу