Өткен бес айда Ақтөбе облысында өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 100%-дан асты - Оңдасын Оразалин

697

Жалпы көрсеткіш 108,1%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 112,1%-ды құраған.

Өткен бес айда Ақтөбе облысында өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 100%-дан асты - Оңдасын Оразалин

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған әкімнің айтуынша ауылшаруашылығы 102,1%, инвестиция 109,6%, құрылыс 101,3%, тұрғын үйді пайдалануға беру 106,5%, инфляция 103,3%-ды құраған. Тасымалдау және қойма 95,1% көлемінде. Әкімнің айтуынша бұған пандемия кезіндегі шектеулер әсер еткен. 

Өткен бес айда өңірге 206 млрд теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін құны 126 млрд теңгелік 31 инвестициялық жоба іске қосылмақ. Мұның ішіндегі ең ірісі құны 36 млрд теңгелік жел электр станциясының екінші кезеңі. 

Ал ауыл шаруашылығы саласында 22, 6 млрд теңге субсидия беріліп, 85 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ірі қара 7%, қой 1%,  жылқы 24% ұлғайған. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу