Өткен демалыс күндері Астана қаласының аумағында көктемгі су жүрудің және тасқынның алдын алуға бағытталған ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті, оған 24 мың қала тұрғыны қатысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қар тазалау жұмыстарына елорданың 3 мыңнан аса кәсіпорны, ұйымы және мекемелері тартылды. Қар полигондарына 87 672 текше метр қар шығарылды.
Шара шеңберінде қалалық басқармалар аудан әкімдіктеріне бекітіліп, қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп орамішілік аумақты, тұрғын алаптардың аумақтарын және төменде орналасқан өзге де учаскелерді бірлесе тазартты.
Атап айтқанда, "Алматы" ауданында Автокөлік жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақыоау басқармалары Оңтүстік-шығыс тұрғын үй ауданында, ұзақтығы 25 км болатын 53 көшеде және тұйық көшелерде қар тазалау жұмыстарын жүргізді, 28006 текше метр қар шығарылды.
Сондай-ақ, сенбілік шеңберінде бұған дейін қар үйілген гүлзарлар қардан тазартылып, жолдар, жаяу жүргінші жолдары, саябақтардағы шағын архитектуралық формалар, субұрқақтар, мүсін композициялары тазартылды. Жалпы 802 524 шаршы метр аумақ қамтылды.
Жалпы, қар жинау және шығару жұмыстары 3-5 наурыз аралығында жүргізілді. "Астана-Тазалық" ЖШС екі ауысымдық режимде қала аумағын тазалауды жалғастырды, қар түнгі уақытта шығарылды, тәулік бойғы режимде 600 800 дана арнайы техника және бір ауысымда 200 техника тартылды.
Қазіргі уақытта қаланың үш аудандарының әкімдіктері су басудың басты себебі болып жататын қарды жинау, шығару жұмыстарын күшейтілген тәртіппен жүргізуде.