Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында 20-дан астам өрт сөндірілді

472

Бұдан бөлек 13 апаттық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілді. Барлығы 4 адам құтқарылды, қаза тапқандар жоқ.

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында 20-дан астам өрт сөндірілді

3-4 желтоқсан күндері Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері 24 өртті ауыздықтады, деп жазады inbusiness.kz eKaraganda сайтына сілтеме жасап. 

Жеке секторда орналасқан үйлердегі өрттің басым бөлігінің негізгі себебі – пештер мен мұржаларды орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

Мысалы, Долинка кентінде Гапеев көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 15 шаршы метр болатын жеке монша мен гараждың шатырының ағаш тақтайшасы жанып кетті. Қайтыс болғандар  мен зардап шеккендер жоқ.

Нұра кентінде Қонаев көшесінің бойында жалпы ауданы 25 шаршы метр болатын тұрғын үйдің ағаш шатыр құрылымдары, төбе жабыны жанып кетті. Қайтыс болғандар  мен зардап шеккендер жоқ.

Бұдан бөлек өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты болған. Саран қаласындағы көшелердің бірінде тұрғын үйдің ағаш шатыр құрылымдары мен терезе блоктары, сондай-ақ, жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын көрші үйдің ауласындағы монша мен сарайдың ағаш конструкциялары жанып кетті. Қайтыс болғандар  мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, Осакаровка ауылындағы Раздольная көшесінде жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын тұрғын үйдің ағаш шатыр құрылымдары, төбе жабыны, тұрғын үйдің терезесі мен есік блоктары, сондай-ақ жиһаздар мен үйдегі заттар жанды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Ақпаратта көрсетілгендей, автожолдарда көліктердің тұрып қалу жағдайлары да жиілеп отыр. Мысалы, Молодежный кентінен 35 шақырым жерде Қ.Сәтбаев атындағы каналдың №15 сорғы станциясының жанында техникалық ақаулы автокөлік салдарынан ТЖД күшімен 3 адам эвакуацияланды. Құтқарылған азаматтар медициналық көмекті қажет етпеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу