Өткен демалыста 155 адам қар құрсауынан құтқарылды – ТЖМ

126

Құтқарушылар азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарға шықпауға шақырады.    

Өткен демалыста 155 адам қар құрсауынан құтқарылды – ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты өткен демалыс күндері ТЖМ құтқарушылары  қар құрсауынан 155 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 32 автомашинаны шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда:

  • Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 13 адамға көмек көрсетті;
  • СҚО автожолында ТЖМ қызметкерлері 5 адамды құтқарды;
  • Ақмола облысының құтқарушылары 16 адамды құтқарып, эвакуациялады;
  • Қостанай облысында қар құрсауынан 13 адам эвакуацияланды;
  • "Жезқазған - Арқалық - Петропавл" республикалық маңызы бар тас жолында көлігі бұзылған 3 шетелдік азамат құтқарылды;
  • Ақтөбе облысының аумағында құтқарушылар 54 шетел азаматын эвакуациялады.

Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізуде.

Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу