Ведомствоаралық комиссия мәліметінше, өткен тәулікте СOVID-19 жұқтырудың 1 144 дерегі тіркелген. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 397 976-ға жетті.
Өткен тәулікте Қазақстанда 1 543 адам СOVID-19-дан жазылып шықты. Пандемия басталғалы бері 372 414 адам коронавирустан айықты.
10 маусымдағы мәлімет бойынша 22 456 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
"Олардың ішінде 7 576 пациент стационарда, 14 880 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 516 адамның жағдайы ауыр, 113 пациенттің жағдайы өте ауыр, 78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - де жазылған хабарламада.
Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 15 адам көз жұмды.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы;
⠀
"Сары аймақта": Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары;
"Жасыл аймақта": Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 2 371 178 адам, II компонентін 1 264 247 адам алды.