Өткен тәулікте 1500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

917

Қазақстанда 22 мың науқас аурудан емделіп жатыр.

Өткен тәулікте 1500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте елімізде 1500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 1496 дерегі тіркелді. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 413 267-ге жетті.

Өткен тәулікте 876 адам COVID-19-дан айықты. Елімізде барлығы 
388 171 адам коронавирустан емделіп, сауығып шықты.

24 маусымдағы мәлімет бойынша 22 098 адам COVID-19-дан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 6 588 пациент стационарда, 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 408 адамның жағдайы ауыр, 95 пациенттің жағдайы өте ауыр, 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған Денсаулық министрлігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу