"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 964 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 245-і – бала. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 120 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратында.
Шұғыл штабтың соңғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталған.
Осылайша елімізде бүгінге дейін бұл дертті жұқтырғандар саны 110402 адамға жетті. Олардың 105618-і жазылған.