Өткен тәулікте 2 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды

702

Коронавирустан 23 адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте 2 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды

Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 2 мыңға жуық дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1 849 дерегі тіркелген. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 380 160-ге жетті.

Сондай-ақ елімізде 2 196 адам коронавирустан айықты. Аурудан жазылып шыққандардың жалпы саны – 345 984 адам. 

27 мамырдағы мәлімет бойынша 30 872 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"11 724 пациент стационарда, 19 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 682 адамның жағдайы ауыр, 166 пациенттің жағдайы өте ауыр, 100 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар коронавиустан 23 адам қайтыс болды, COVID-19 белгілері бар пневмониядан өлім дерегі тіркелген жоқ.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары;

"Сары аймақта": Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, елімізде жалпы 2 млн 56 мың 768 адам екпе салдырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу