Өткен тәулікте 2 мыңнан аса адам коронавирустан айықты

638

26 137 науқас аурудан емделіп жатыр. 

Өткен тәулікте 2 мыңнан аса адам коронавирустан айықты

Өткен тәулікте елімізде 2 мыңнан аса адам COVID-19-дан айықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте 1 385 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 390 376-ға жетті.

Өткен тәулікте 2 575 адам COVID-19-дан айықты. Пандемия басталғалы бері аурудан 362 018 адам жазылды.

Коронавирус пен пневмониядан 19 адам қайтыс болды
2 маусымдағы мәлімет бойынша 26 137 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 9 702 пациент стационарда, 16 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 609 адамның жағдайы ауыр, 139 пациенттің жағдайы өте ауыр, 84 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда 2 млн 145 мың 688 адам COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу