Өткен тәулікте 357 адам құтқарылып, эвакуацияланды

600

Қазақстан ТЖМ күштері 177 оқыс оқиға орнына барды, оның 82-сі өрттер мен жану оқиғаларына, 95-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар. 

Өткен тәулікте 357 адам құтқарылып, эвакуацияланды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл ретте 357 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Соның ішінде Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Түрген ауылына жақын жерде іздестіру-құтұару жұмыстары жүргізілді. Екі ер адам атпен мал іздеп шығып, жоғалып кеткен. Іздеу тобы жоғалған адамдарды Түрген ауылынан 15 км қашықтықта тапқан.

Сонымен қатар, Қарағанды және Ақмола облыстарында "Алматы-Екатеринбург", "Щучинск-Астана" автожолдарында автокөліктер соқтығысқан кезде 26 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

Айта кету керек, Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

"Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа-райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз", - делінген ҚР ТЖМ баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу