Өткен тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды

779

11 науқас коронавирустан айықты.

Өткен тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды

Елде тек 2 өңірде COVID-19 вирусын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен тәулікте коронавирусты 5 адам жұқтырған:
Нұр-Сұлтанда – 1,
Алматыда – 4,
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 305 мың 548-ге жетті. 

Сондай-ақ 11 адам COVID-19 вирусынан айықты:
Нұр-Сұлтанда – 5,
Алматы облысында – 2,
Шығыс Қазақстан облысында – 1,
Жамбыл облысында – 2,
Қарағанды облысында – 1.

Елде барлығы 1 млн 291 мың 89 адам коронавирустан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 1 мамырда Қазақстанда коронавирусқа қарсы  вакцинаның бірінші компонентін 9 млн 485 мың 851 адам, екінші компонентін 9 млн 246 мың 600 адам салдырды.

Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 млн 75 мың 168 адам, екінші дозасын 926 мың 933 адам салдырды.
Бірінші компонентін:
Жасөспірімдер – 827 355, 
Жүкті әйелдер – 38 398,
Бала емізетін әйелдер – 136 755.

Екінші компанентін:
Жасөспірімдер – 756 355, 
Жүкті әйелдер – 33 311,
Бала емізетін әйелдер – 121 250.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу