Өткен тәулікте 7,5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

1020

Елде 9 млн-ға жуық тұрғын толық вакцина алған.

Өткен тәулікте 7,5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Қазақстанда 7 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 7 656 дерегі тіркелген.

Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 1 253 759-ға жетті. Вирус жұқтыру дерегі ең көп тіркелген өңірлер төмендегідей:

  • Нұр-Сұлтанда – 907,
  • Алматыда – 1 549,
  • Қарағанды облысында – 1 201,
  • Павлодар облысында – 758,
  • Ақмола облысында – 607,
  • Қостанай облысында – 503.

Сондай-ақ 16 371 адам коронавирустан айықты. Барлығы 1 114 833 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 02 ақпандағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 213 147 адам, екінші компонентін 8 785 187 адам салдырды.

Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 660 119 адам, екінші дозасын 351 133 адам алған. Оның ішінде (бірінші компонент): 
- Жасөспірімдер – 542 662,
- Жүкті әйелдер – 26 565,
- Бала емізетін әйелдер – 84 554.
Екінші компонент:
- Жасөспірімдер – 286 050, 
- Жүкті әйелдер – 16 620,
- Бала емізетін әйелдер – 48 454.

Айта кетейік, кеше елде коронавирус жұқтырудың 7 149 дерегі  анықталған, әрі 12 783 адам COVID-19 вирусынан айыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу