Өткен тәулікте 724 адам қар құрсауынан құтқарылды

856

Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Өткен тәулікте 724 адам қар құрсауынан құтқарылды

"2021жылғы 24 наурызда "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 13 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, ШҚО және СҚО) дауылды ескертулер жарияланды. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД дағдарыс орталықтарында жедел штабтар жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну) 5 өңірде, атап айтқанда Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесі және облыстық маңызы бар автожолдардың 37 учаскесінде жол жабық", - делінген еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы бекеттерде 232 техника, оның ішінде 154 жүк және 78 жеңіл техника тұр. ТЖМ аумақтық бөлімшелері өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарында қар құрсауынан 724 адамды, оның ішінде 111 баланы құтқарды, 425 техниканы қардан шығарды. Ақмола және Қарағанды облыстарының жылыту пункттеріне 463 адам, оның ішінде 75 бала орналастырылды.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтері барлығы 608 адам және 325 техника жұмылдырылды. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 57 СМС-хабарлама, "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 53 хабарлама жіберілді. Ел тұрғындары 112 және 101 пульттеріне көмек сұрау және ақпарат алу үшін 6886 рет жүгінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу