Өткен тәулікте 726 адамнан коронавирус анықталды

851

Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Өткен тәулікте 726 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 726 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Ең көп жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді – 107. Өзге екі мегаполис: Алматы қаласында – 81, Шымкент қаласында 6 адамның індет жұқтырғаны анықталды.

Өзге де аймақтар: Ақмола облысында – 54, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 61, Атырау облысында – 60, Шығыс Қазақстан облысында – 48, Жамбыл облысында – 15, Батыс Қазақстан облысында – 43, Қарағанды облысында – 40, Қостанай облысында – 60, Қызылорда облысында – 3, Маңғыстау облысында – 11, Павлодар облысында – 65, Солтүстік Қазақстан облысында – 58, Түркістан облысында 9 адам тіркелді.

Елде індет тіркелгелі бері 153925 адам вирус жұқтырған. Олардың бүгінде 141731-і жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу