Қазақстанда өткен тәулікте 820 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.
Бұл жолы да тіркелгендер саны солтүстік өңірлер мен ШҚО-да көп. Қостанай облысында – 63, Павлодар облысында – 110, Солтүстік Қазақстан облысында – 114, Шығыс Қазақстан облысында 164 жағдай анықталды.
Сондай-ақ еліміздің басты қалаларында да жұқтырғандар саны күндегіден көп: Нұр-Сұлтан қаласында – 77, Алматы қаласында – 77.
Өзге өңірлерге келсек, Шымкент қаласында – 11, Ақмола облысында – 75, Ақтөбе облысында – 7 , Алматы облысында – 30, Атырау облысында – 14, Жамбыл облысында – 14, Батыс Қазақстан облысында – 37, Қарағанды облысында – 19, Қызылорда облысында – 3, Маңғыстау облысында – 3, Түркістан облысында 2 жағдай тіркелген.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 128400.