Өткен тәулікте 97 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

1069

Коронавирустан ем алып жатқан науқастардың арасында 129 адамның ахуалы нашар.

Өткен тәулікте 97 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Шұғыл штабтың мәліметінше, елімізде өткен тәулікте 97 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Осылайша бүгінге дейін індеттен жазылғандар саны 100 615-ке жетті. 

Денсаулық сақтау министрлігі енді 4 521 адам ем қабылдап жатқанын хабарлады.

"Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 352 науқас жатыр. 2 169 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 129 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– дейді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу